Піспе қамырдан жасалған қатпарлы самса. АВТОРЛЫҚ рецепт/Слоеная самса из заварного теста. Авторский

Ассаляму алейкум, жақсыларым!😘
Көптен күткен ұлы хабар😂 Әйтеуір, самсаның видеорецебі дайын болды-ау😀
Ютубта видео өңдеу күрделі дүние екен. Бірнеше күнім кетті. Инша Аллаһ, ебін тапқан соң, жылдам жасайтын болармын.
Піспе қамырдан жасалған самсаның артықшылығы – қытырлақ, қатпарлы болумен қатар өте жұмсақ, нәзік келеді. Өзім осы піспе қамырды жақсы көремін. Онымен жұмыс істеу өте ыңғайлы, қолайлы.
АВТОРЛЫҚ рецепт.
🌹 Қамыры:
✔ 500 г ұн
✔ 250 мл ыстық су
✔ 1 ас қасық тұз
✔ 200 г сары май 72%
🌹 Салмасы:
✔ Тартылған ет
✔ Пияз
✔ Зира
✔ Бұрыш, тұз

Мен 1 кг ұннан жасадым. Екі үлкен орама шықты.
Грамын жобалап жаздым. Ол аса маңызды емес. Ең бастысы қамыр жұмсақ болып шықса болды.
Самсаның «лепешкаларын» жайып жатқанда, ұн қолданбауға тырысыңыздар.
Самсаға кіріспес бұран инстапарақшамдағы #Арайка_самса хэштегі арқылы өтіп, қосымша ақпаратпен танысып алуға кеңес беремін.
Ал, игілігіне пайдаланыңыздар😘🌹

Пы/сы: «піспе қамыр» деп өзім аудардым. Ресми аудармасын таба алмадым.

Instagram: @araika_adalfood

43 Replies to “Піспе қамырдан жасалған қатпарлы самса. АВТОРЛЫҚ рецепт/Слоеная самса из заварного теста. Авторский”

  1. Assel Amirgaliyeva

    Осындай шағы видеоларды ұнатамын. 5 минутқа сыйғызып, бəрін түсінікті етіп жазғансыз. Көп рахмет. Міндетті түрде жасаймыз. Уведомлениеге де басып қойдық, жаңа видеодан құр қалмайық деп))

    • Araika AdalFood

      Оқасы жоқ!😘 Ұнағанына қуаныштымын! Сізге де пейіліңіз үшін рахмет!😘 Аллаһ жазса, жаңа видеолао салуға тырысамын. Қазір аздап уақыт тапшы болып жатыр.

    • Araika AdalFood

      А неге болмайды? Неден күмәнданып тұрсыз? Менде просто әсел пеш жоқ және болмаған да. Сондықтан, проблеманы елестете алмай тұрмын 😄

  2. Эльмира Отарбаева

    Ассалаумағалейкум апке еки жайылган камырды бирге ораймыз ия или болек болекпа тусинбей жатрм менин тусинигим бир камырды жайып орап 2шисин жайып 1ши оралганды ары карай 2ши жалгастырып ораймын ия.Алла разы болсын сизге жаксы корем сизди 😍😍😍

  3. Айгерим Арыстанбек

    Арайка самсаныңқамырын отежүка илеимінбе? сосын арасына кандай май жағасыз? мен проценті аз май жағамын соданба самсам дурыс шыкпаиды катты болады .сіз кандай май колданасыз?

  4. Жансая Амангелдиева

    Салем кушти сонда слоеный болып туруы ушин ортасын аса катты жаймау керекпе? Суды самсанын бетине шашамызба?

    • Araika AdalFood

      Сәлем! Аха, шелпек қылып жайып жатқанда ортасын қатты жұқа қылып оқтаулап тастамаңыз. Әйтпесе, қатпарларын зақымдап аласыз. Ортасы шеттеріне қарағанда сәл қалыңдау болады.

  5. Alex GN

    Видео дыбысталған форматта сапалырақ болды, әпке..Негізі, бұл видео да нашар емес..Рецепт үшін рахмет.Жаңа видео күтеміз.

    • Araika AdalFood

      Сәлеметсіз бе! Піскен ет қоса аласыз. Тек шикі етпен араластырып салмаңыз. Картоп қоспай-ақ қойыңыз, құрғақ болып кетеді. Оның орнына пияз қосыңыз.

  6. Zhanagul Turgambaeva

    Менің самсам да жақсы шығады.Бірақ дәл сіздікіндей қатпарлары бетінде тұрмайды.Соған қарағанда мен тығыз орайтын сияқтымын.Және де қамырын жаю барысында нан тақтайыма жабысып берекетімді алады.Сосын ұнға жая саламын.Мен сіз сияқты тоңазытқышқа салып тұрмайды екенмін.Үйренерім көп екен.Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын !

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *